Франция президенті Эммануэль Макрон Шавкат Мирзияевты Өзбекстанның тәуелсіздік күнімен құттықтап, Парижге шақырған.

Эммануель Макрон Шавкат Мирзияевты екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыру мәселесін талқылау үшін Парижде күтетінін мәлімдеген.

“Ұзақ жылдар бойы әріптес болып келе жатқан Франция мен Өзбекстанның тұрақты жақын қарым-қатынасын құптаймын. Екі ел арасындағы тауар айналымы көбейіп, стратегиялық әріптестік диверсификацияланып қана қоймай, өзара саяси диалогымыз осы жылы онан сайын нығая түседі деп үміттенем. Парижге алдағы ресми сапар аясында сізбен кездесуді үлкен қуанышпен күтем” делінген Франция президентінің құттықтау хатында.

Бұған дейін өзбекстандық БАҚ Шавкат Мирзияевтың Францияға осы жылы қазан айында баратынын хабарлаған.

Шілде айында Парижде тұңғыш рет ­өзбекстандық сауда үйі ашылды. Сауда үйінің негізгі мақсаты — Өзбекстан өнімдерінің Франция және Еуропаның өзге елдеріне экспортталуын дамыту. Бұған дейін Франция Өзбекстанның қауыны мен анарын елге жеткізу бойынша фитосанитарлық шектеулерді алып тастаған. 

Өзбекстанда тәуелсіздік күні қыркүйектің 1-і күні аталып өтеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.