31 тамызда UEFA Europa League (Еуропа лигасы) жарысының топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан чемпионы «Астана» футбол командасы «Динамо Киев» (Украина), «Ренн» (Франция) және «Яблонец» (Чехия) клубтармен К тобында ойнайды. Әр команда бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда кездеседі. Ең көп ұпай жинаған екі команда плей-офф кезеңіне шығады.

Жарыс қыркүйектің ортасында басталып, мамырда аяқталады.

«Астана» командасы үш жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды. Қазақстан клубы іріктеу жарысында АПОЭЛ (Кипр) командасын пенальтиден жеңіп, топтық кезеңге жолдама алған.

2017 жылы бұл клуб жарыстың 1/16 финалына шығып, «Спортинг» (Португалия) командасынан жеңілген.

Еуропа лигасы — UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) ұйымдастыратын клубтар арасындағы жарыс. Турнирдің деңгейі Чемпиондар лигасынан төмен.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.