Қазақстандағы Қытай елшісі болып Чжан Сяо тағайындалды деп хабарлайды мемлекеттік БАҚ.

54 жастағы Чжан Сяо бұған дейін Украина және Беларусьтағы Қытай елшіліктерінде, сонымен қатар Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Қытай бас консулдығында қызметтер атқарған.

2011-2013 жылдары Қытайдың Өзбекстандағы елшісі болған. 2014 жылдан бері Ресейдегі Қытай елшілігінде кеңесші-уәкіл міндетін атқарған.

Қазақстандағы бұрынғы Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй 2018 жылы мамыр айында Астанадан Пекинге оралған және Қытайдың сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.