Джакартада өтіп жатқан Азия ойындаында қазақстандық Бағлан Ибрагим самбодан ерлер арасында 52 келіде алтын жүлдеге ие болды. Ол финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаллууды жеңді. 

Ибрагим жартылай финалда тәжікстандық Хасани Джомиден, Шалуу қазақстандық Бейімбет Қанжановтан басым түскен. Қанжанов бұл салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Қазір Қазақстан 12 алтын, 11 күміс, 39 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.