Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ел қарулы күштерін қорғаныс қабілетін күшейтуге шақырды. Дегенмен, аятолла соғыс бола қалу ықтималдығы төмен екенін айтады.

Хаменеидің ресми сайтында 2 қыркүйек күні қолбасшыларға арнаған үндеуінде саяси болжам бойынша, соғыс болу қаупі жоқ екені, алайда, «қарулы күштер қырағылық танытып, әскер мен техникалық ресурсын күшейтуі тиістігі» айтылады.

Бірер күн бұрын Иран АҚШ-пен қарым-қатынасы шиеленісе бастағанда өзінің баллистикалық және қанатты зымырандарының тактикалық және техникалық мүмкіндіктерін күшейту және заманауи жойғыш ұшақтар мен сүңгуір қайықтар сатып алу жоспарын жариялаған. Хаменеидің сайтында рухани көсемнің әскерилермен әскери-әуе күштері күніне орай кездескені айтылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп өз елін 2015 жылы Иранның әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімінен шығарған соң екі ел арасында сөзбен тәжікелесу жиілеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.