Чолпон-Атада түркі тілдес елдер басшыларының саммиті өтіп жатыр

23


Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Түркі тілдес елдері ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммиті басталды. Саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері қатысып жатыр.

Түркі тілдес елдерінің ынтымақтастық кеңесі — түркі тілді елдерді біріктіретін халықаралық ұйым. Ол аталған бес ел арасында жан-жақты қарым-қатынасты дамыту үшін құрылған. Бұл саммит кезінде Өзбекстан ұйымға ресми түрде қосылады деп жоспарланып отыр. Биыл Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесіне төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға өткен.

Ұйым саммиті алғаш 2011 жылы Қазақстанда өткен. Одан кейінгі саммиттер Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия және 2015 жылы қайтадан Қазақстанда өткен. 2016 жылы саммит Қырғызстанда өтуі тиіс еді, алайда ол жиын биыл ғана өткізіліп отыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.