Ауғанстанның солтүстігінде молдовалық компанияға тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Молдова билігінің хабарлауынша, апаттан кем дегенде 12 адам — екі ұшқыш пен 10 ауған әскериі қаза тапты.

Тікұшақ 2 қыркүйек күні Балх уәлаятының орталығы Мазари-Шарифке жақын әскери базадан ұшып шыққан соң көп ұзамай құлаған. Молдова авиация қызметінің ақпаратына қарағанда, апаттан екі адам — бір ұшқыш пен бір ауғандық әскери тірі қалған. Хабарламада тікұшақ молдовалық Moldova’s Valan International Cargo Charter Co компаниясының иелігінде болғаны айтылады.

Ауған қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз әуе апатынан 13 адам, оның ішінде Украинаның бір ұшқышы қаза тапқанын хабарлады. Ауғанстанның солтүстігіндегі әскер қолбасшысының орынбасары Назер Худа Памири тікұшақ Дехдади ауданында «техникалық ақаудан» апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.