АҚШ Ауғанстанда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы басшыларының бірі Абу Саад Оракзайдың көзі жойылғанын растады.

Оракзай 25 тамызда Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында әуе соққыларынан оққа ұшқан. Онымен бірге тағы тоғыз содырдың көзі жойылған.

«АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстан аумағынан халықаралық ауқымда шабуылдар жасауды жоспарлап, басшылық жасайтын террорлық ұйымдар желілеріне қысым көрсетуін жалғастыра береді. Бұл — біздің Ауғанстан қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін, бірақ өте маңызды саясатымыздың бір бөлігі ғана» деп мәлімдеді осы елдегі америкалық әскерилердің қолбасшысы Скотт Миллер.

НАТО-ның Ауғанстандағы әскери операциясы 2014 жылы аяқталған. 2015 жылдың 1 қаңтарында «Берік қолдау» деп аталатын әскери емес миссия басталған. Шілдеде Брюссельде өткен НАТО саммитінде Ауғанстандағы миссияны 2024 жылға дейін ұзарту туралы шешім шыққан.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.