«Олар өлген жоқ,тірі!». Осы жылдың 18-қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында 52 өзбек азаматы автобуста тірілей жанып кеткен болатын. Алайда, марқұмның туыстары жақындарының тілсіз жаудың құрбанына айналғанына әлі сенетін емес. Тіпті, қаза болғандарды біреулер күштеп ұстап отыр ма деген күдіктері де басым. Мұны Ақтөбеде өтіп жатқан сот отрысына қатысуға келген Өзбекстан азаматтары айтты.

Өзбектер балаларының өртеніп кеткеніне сенбейді

«Олардың өліміне жауапты адамдар жауап берсе екен дейміз. Өрттен өлді дегенге сенбей отырмыз. Мысалы, 18-қаңтарда , сағат он бір жарымдардың шамасында болды дейді. Ал одан кейін ұялы телефондарына хабарласқанда, қоңырау барып тұрды. Табытты беті жабық күйінде әкелді бізге, солай жерледік»,- дейді Бохтиор АРИПОВ.

Бахтиордың автобуста оның 19 жасар ұлы болыпты. Ал Юлдузжон ҒАНИЕВА ұлы Адхамжон МАРУФЖОНОВ  пен немересі Авазбек МАРУФЖОНОВТАН көз жазып қалған. Екеуі де Ресейге жұмыс іздеп барғандарын айтады. Кейуана да қос бірдей құлынынан айрылғанына әлі сенбейді. Ол сот отырысы басталмай тұрып судьядан жай-жапсарды түсіндіріп, қажет жерде құқықтық кеңес беріп отыру үшін елшіліктен өкіл алдыртуды сұрады. Сотқа қатысуға келген 11 адам бірауыздан қазақ тілін түсінбейтіндіктерін алға тартып, аудармашы қажеттігін айтты. Кейін судья бұл өтініштерін орындады.

Өзбектер балаларының өртеніп кеткеніне сенбейді

«Мына жерде айтылған нәрсені түк түсінбедік, мүмкін болса, аудармашы берсеңіздер. Осы жерге қиналып, әрең жеттік. Ойымыз сан-саққа кетті, біздің жүрегіміз балаларымыздың өлгеніне сенбейді, олар тірі! Өлі болса, неге телефондарына қоңырау барып тұр? Біз бұл жерге қорғаушысыз келдік. Біздің қорғаушымыз- Алла!»,- деді Юлдузжон Ғаниева.

Өзбектер балаларының өртеніп кеткеніне сенбейді

Естеріңізге салсақ, биыл 18 қаңтарда Ырғыз ауданына жақын маңдағы тас жолда жолаушылар мінген автобустан өрт шыққан еді. Көлік түгі қалмай жанып кетіп, 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Ресейге жұмысқа бара жатқан Өзбекстан азаматтары екен. Кейін автобустағы өрттің жылыту шамынан шыққандығы белгілі болды. Салондағылар жанармай қатып қалған соң, жылыну үшін автобустың ішінде жылыту шамын жаққан.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.