Еуропалық дипломаттар Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін Ресейге қарсы салынған санкцияны тағы алты айға ұзартуға шешім шығарды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық Радиосының тілшісі Рикард Йозвяк Twitter-де хабарлады. Оның сөзінше, бұл шешім елшілердің 5 қыркүйектегі отырысында нақтыланады.

Еуропа Одағындағы (ЕО) 28 мемлекет елшілерінің Ресейге қарсы санкцияларды ұзартуға келіскенін ТАСС агенттігі де хабарлады. Еуропа кеңесіндегі дереккөздің сөзінше, шешім алдымен жоспарлы отырыста бекітіледі, сосын Еуропа кеңесі оны мақұлдап, ЕО-ның ресми журналында жарияланады.

ЕО Ресейге қарсы компаниялар мен жеке адамдарға экономикалық және қаржылай санкциялар салған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.