Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) жедел ақпарат қызметінің жетекшісі Сергей Беседа Украина шығысындағы өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» басшысы Александр Захарченконың өліміне украин арнайы қызметінің қатысы барын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл туралы тұжырымды Донецкіге Захарченконың өлімін тергеуге көмекке барған ФСБ мамандары жасаған.

Украина Қауіпсіздік қызметі бұл айыпты терістеді. Ведомство Ресей қолдайтын сепаратистердің басшысын я аймақтағы ішкі өзара кикілжіңнен өлтірген, я Ресей арнайы қызметінің өзі көзін жойған деп біледі. Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак Киевтің Донецкіге диверсиялық барлау тобын жібермегенін мәлімдеді. Ол өзін-өзі жариялап алған заңсыз республика билігі Захарченконың өліміне күдікті деп ұстаған адамдарды танымайтынын айтады.

Оқи отырыңыз: Захарченконың қазасынан кейінгі Донбасс

Александр Захарченко 31 тамызда Донецкінің орталығындағы «Сепар» кафесінде болған жарылыстан қаза тапқан. Онымен бірге күзетшісі де қаза болып, тағы тоғыз адам жараланған. Захарченконың кеңесшісі Александр Казаковтің сөзінше, бомбаны кафе есігіне әлдекімдер жасырып, қашықтан жарған. Сепаратистер бомба 31 тамызға қараған түні орнатылған деп топшылайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.