Қазақстан бойынша 361,6 млрд теңге көлеміндегі ақша аударылды

53

Алматы. 17 қараша. 7kun.kz — Ақша аударымдары жүйелері арқылы жөнелтілген транзакциялардың жалпы көлемі 2017 жылғы 9 айда 361,6 млрд теңге сомада 1,9 млн транзакция болды және 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңімен салыстырғанда 24,0 пайызға өсті, деп хабарлады  Қазақстан Ұлттық Банкі.

Аталған төлем жүйелері негізінен ақысыз аударымдарды жүргізуге бағытталғаны аталды (жеке тұлғалардың ақша аударымдарының жалпы санынан 99,7 пайыз және жалпы көлемінен 99,6 пайыз).

Жеке тұлғалардың шетелге мерзімді және аздаған ақша аударымдары үшін негізінен банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы төлем жүйелерінің операторларымен жасалған агенттік келісімдердің негізінде ұсынатын ақша аударымдары жүйелерінің қызметтері пайдаланылады.

Бұл ретте Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген ақша аударымдарының көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 15,2 млрд теңге сомада 150,7 мың транзакция болды. Ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелге
346,4 млрд теңге сомада 1 766,8 мың транзакция жөнелтілді, шетелден 226,9 млрд теңге сомада 1 013,0 мың транзакция алынды.

Запись Қазақстан бойынша 361,6 млрд теңге көлеміндегі ақша аударылды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.