NYT: Мюллер Трамптан жазбаша жауап қабылдауға әзір

33


АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер президент Дональд Трамптан өз сауалдарына жауабын жазбаша қабылдауға дайын. Бұл туралы New York Times газеті екі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роберт Мюллер сегіз ай бойы Дональд Трамппен әңгімелесу жөнінде келіссөз жүргізіп келеді. Трамп арнайы прокурор сауалдарына жауап беруге әзір. Бірақ, АҚШ президентінің адвокаттары бұған қарсы.

Сәуір айының соңында New York Times газеті Роберт Мюллер Дональд Трамптың адвокаттарына қырықтан астам сауал жолдағанын хабарлаған. Ол кезде Трамп сұрақтар тізімінің баспасөзде жариялануын «масқараға» балаған.

Роберт Мюллер АҚШ-та 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің килігу ықтималдығын тергеп жатыр. Мәскеу АҚШ сайлауына араласқанын жоққа шығарып келеді.

Былтыр мамырда басталған арнайы прокурордың тергеуі биыл күзде аяқталуы мүмкін.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.