2 қыркүйекте Алматыда «Үміт» қытай тілін үйрету мектебінің жаңа оқу маусымының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы бас консулдығының сайтында жарияланды. Мектеп Қазақстанда тұратын қытай азаматтарының балалары және қытай тілін үйренгісі келетін барлық қазақстандықтар үшін осыдан бір жыл бұрын құрылған болатын.

Бұл мектеп Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, қытайлық кәсіпкерлер және өзге де шетелдегі қытай бизнесмендерінің қаржыландыруымен Алматыда жұмысын бастаған. Бүгінде Қазақстан және өзге шетелдегі қытай мәдени орталықтары мен кәсіпорындарының қолдауымен дамып келеді. Қазірше мектепте қанша оқушы тәлім алып жатқаны жайлы мәлімет жоқ.

Қазақстанда қытай идеологиясы насихатталатын мектеп ашылды

«Қытай мәдениетінің тарихы терең, қытай тілі терең мағынаға ие, ал жазуы арғы тарихымызды еске салушы. Қытай тілі мен мәдениеті осы мұраны сақтап қана қоймай, өміршеңдік қуатымен бүкіл әлемге ықпал етіп келе жатыр. Қытай ұрпақтары әлемнің қай түкпірінде болса да ұлы қытай дәстүрін меңгеріп, қытай мәдениетін дамытып, өз отанын жүрек түкпірінде сақтап, тамырын кеңге жаюы керек.

Бір жылдың ішінде бұл мектеп білім және әкімшілік саласында тәжірибе жинақтады. Оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қоғамдық ықпалымыз да барған сайын қанат жайып келеді

Мұнда оқитын балалар негізінен қытай ұлтының дәстүрлі мәдениеті мен тілін, идеологиясын үйренеді.

Біз түлектерден зор үміт күтеміз. Қайда жүрсе де өз отанын сүйетін, ұлт тағдырын өз тағдырынан кем көрмейтін жастарды тәрбиелеуіміз керек. Олар болашақта «Қытай арманының» (қытай арманы – қытай коммунистік партиясының, қытай төрағасының негізгі идеологиясының бірі. ауд.) әлемге қанат жаюына мұрындық болады. Сонымен бірге жергілікті халықтың қытай ұлтын терең түсінуіне, қытай ұлтын жақсы көруге, екі ел халқының жүректерін жақындатуға жол салады. Екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығына алтын көпір болып, «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» құрылысына да күш салады деп үміттенемін», — дейді тұсаукесер рәсіміне қатысқан Алматыдағы қытай консулының орынбасары Го Шин Чияо мырза.

Демек, қытай тілін үйрету мектебі деп ат қойып, айдар таққан мекеме өз мәдениетін, дәстүрін, тіпті, қытайды сүю идеологиясынан да сабақ беретінін жайып салды.

«Үміт» балалар мектебінің жаңа оқу маусымының тұсаукесерінде мектеп оқушылары қытайдың дәстүрлі өнер театрынан қойылымдар қойып, дәстүрлі қытай биін билеп, әндерін шырқап, қытай тақпақтары мен поэзиясынан өлеңдер оқылды.

Кешке Қытай банкі, қытай өнеркәсіп банкі, қытай мұнай компаниясы және басқа да қытайдың экономикалық-мәдени орталықтарынан 60-тан астам адам қатысты. Кеш соңында Қытай консулдығының ғылым және білім бөлімінің меңгерушісі Ми Гуй Шиоң қытай жазуының тарихи өзгерістері туралы дәріс оқыды.

Фото: mp.weixin.qq.com

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.