Әке шешесінен айырылған бауырларын Сириядан қайтара  алмай көмекке  мұқтаж боп жүрген Ғанибет Египетке оқуға кеткен аға жеңгелерімен соңғы рет 2013 жылы телефонмен сөйлескенін айтады.

"Сириядағы бүлдіршіндерімді қайтарыңдаршы"

Сол жылы екі жасар тұңғыш қызы мен 7 айлық ұлын Еркін мен Индира өздерімен ерте кеткен. Одан кейін сол жақта тағы  бір баланың дүниеге келгені жайлы сүйінші хабар жеткен. Алайда, арада бес жыл өткен соң үшінші баланың сары ауру дертіне шалдығып, өмірден өткенін естіген. Онымен қоса ағасы Еркін мен жеңгесінің Ауған-Пәкістан шекарасында қаза тапқан деген суық хабарды да естіген.

"Сириядағы бүлдіршіндерімді қайтарыңдаршы"

Туған ағасынан көз жазып қалғанымен, ағасының екі баласын туған жерге оралтуға барын салып жүрген Ғанибет Қазақстан консулынан көмек сұрайды.

"Сириядағы бүлдіршіндерімді қайтарыңдаршы"

«Мен тиісті органдардан ағам мен жеңгемнің қаза тапқанын естідім. Бірақ, жақында Сирияда тұрып өмір сүріп жатқан қазақстандық келіншек Орал қаласындағы анасына менің бауырларым жайлы және олардың тірі екенін әлеуметтік желі арқылы жазды. Қазір мен бауырларыммен интернет арқылы байланысқа шығып отырмын. Екі баланың айтуынша, олар қазір қоршауда отырған көрнеді. Сириядағы Сусы ауылында. Қолдарында еш құжаттары жоқ екі бала Максим мен Айдана атты кісілердің қолында екен » — деп көзіне жас алған Ғанибеттің бір арманы бауырларын елге қайтару.

Ал,  Сирия елінен интернет желісіне қолы жеткен кезде шығатын Айдана Ғанибет ТӘЖМАҒАМБЕТОВАНЫ бауырларымен жүздестіруге бар жанын салуда.

«Маған көзімнің ағымен қарасындай бауырларымды елге оралтуға Қазақстан консулы қол ұшын созса деймін. Ол үшін мен қазір барлық шараны жасап жатырмын. Тиісті мекемелерге де арыз жаздым», — дейді Ғанибет Тәжмағамбетова.

Ағасына туған жерінің топырағы бұйырмаса да, балаларын қайтаруға, оларды қамаудан шығарып алуды аңсаған Ғанибет қазір Астанаға да жетіпті. Бүгін сол жақта құзырлы органдардың табалдырығын тоздыруда. Дегенімен, қазақстандық екі бүлдіршіндердің тағдыры не болатыны әзірге беймәлім.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.