Жапонияда «Фукусима-1» атом электр станциясында (АЭС) 2011 жылы болған апаттан кейін радиоактивтік сәулеленуден зардап шеккен алғашқы адам — АЭС қызметкері қайтыс болды. АЭС қызметкерінің екі жыл бұрын өкпе қатерлі ісігіне шалдыққаны анықталған еді. Жапония билігі марқұмның аты-жөнін жарияламады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, ер адам 1980 жылдардан бері Жапониядағы АЭС-терде жұмыс істеген. «Фукусимада» ол апаттан кейінгі радиация деңгейін өлшеуге жауапты болған. Ол радиация тараған аймаққа екі рет барған. Мұнда жұмыс істегенде ол қорғаныш костюмі және тұмылдырықпен жүрген.

Жапония денсаулық сақтау министрлігі ер адам «Фукусумада» алған радиациялық сәуледен ауырып, көз жұмғанын мойындады. Билік марқұмның отбасына өтемақы төлеуге уәде берді. Бұған дейін АЭС-тің тағы төрт қызметкерінің қатерлі ауруға шалдыққаны белгілі болған.

2011 жылы 11 наурызда Жапонияда қуаты 9 магнитудалы жер сілкінісі болып, оның әсерінен цунами тұрған. Цунамиден «Фукусима-1» АЭС-інің электрмен жабдықтау жүйесін су басып, реакторды салқындату жүйесі істен шыққан.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.