Талдықорғанда кім өтірікші: халық па, әкімдік пе?

525

Редакциядан: 2018 жылдың 3 қыркүйегі. «Жас Алаш» сайтында «Аммиакқа уланған ауыл» атты мақала жария болды. Онда өңір орталығы Талдықорған қаласына тиіп тұрған Мойнақ ауылының іргелес жатқан алып құс фабрикасының кесірінен адам төзгісіз сасық иістен зардап шегіп отырғандығы жайлы айтылған болатын. 

Осы барыста Талдықорғандағы меншікті тілшіміз де аталған ауылда болып, екі тарап – мәселеге жауапты адамдар мен ауыл тұрғындарынан арнайы пікір алып, «Жас Алаштың» оқырмандарына ұсынған еді. Сонымен бірге облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат ЖҮКЕЛГЕ хабарласып, осы мәселеге орай әкімдік тарапының бірнеше сауалымызға жауап беруін сұрағанбыз. 

Айталық, «Мойнақтағы жағдай неге бұлай? Не үшін онда басқа фабрикалардағыдай жарақсыз өнім (құс нәжісі мен зәрі – ред.) залалсыздандырылмайды? Неге ауылдың айналасы беталды қазылады? Неліктен қалдықты ашық өртеуге, әрі оның Қаратал өзеніне құйылуына жол баріледі? Ауылдың тұсындағы шымды тасуға неге тосқауыл қойылмайды? Әлде экологтардың салғырттығында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Алматы облысының арнайы мониторинг тобының мүшесі Қайрат НҰРХАНОВ айтқандай жең ұшынан жалғасу фактісі бар ма?» деген сынды бірқатар сауал жолдағанбыз.

Алайда сұрақ облыстық әкімдікке бағытталғанымен, өздерінің бұл мәселеге араласуын «ерте» деп білген олар қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысына сілтей салған. Яғни, жауап берген ешбір әкім емес. Біз еркін пікір алаңы ретінде оны да қаз қалпында беруді жөн көрдік.

«Жас Алаш» газетінің 3 қыркүйектегі «Аммиакқа уланған ауыл» тақырыбындағы мақаласының Мойнақ ауылында құс фабрикасынан шығатын жағымсыз иісі бойынша Талдықорған қалалық әкімдігі аппаратында қарастырды. 

Фото әлеуметтік ,желіден алынды

Мойнақ ауылының тұрғындарының шағымы жайында қалалық әкімдік бұрыннан хабардар. Аталған мақала қыркүйек айында шықса, Мойнақ ауылының тұрғындары өтінішімен  «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ 2018 жылдың 25 шілдесінде өз құзыреті бойынша зертханалық аспаптық зерттеулер жүргізген болатын.

 Зертханалық аспаптық зерттеулердің хаттамаларына сәйкес (күкірт токсиді, күкірт сутегі, азот оксиді, шаң) елді-мекендердің атмосфералық ауасы, «Қалалық және ауылдық елді-мекендерінің атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтері» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №168 талаптарына сай келетіні анықталған.  

Мойнақ ауылының Алмалы көшесінің №1 үйі жағынан жасалған сараптамаға сәйкес, құс фабрикасы барлық нормаларға сай  келгендіктен біздің тараптан «Көгер ЛТД» ЖШС-на ешқандай айып таға алмайтынымызды жеткіземіз» – дейді Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр ЖАНЫС.

Негізгі фото автордікі. 

                                                                          

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.