Үндістан Жоғарғы соты бір жыныстылардың жақын қатынасқа түскені үшін қолданылатын қылмыстық жазаны жою туралы шешім шығарды. «Жыныстық қарым-қатынасқа түскені үшін қылмыстық жазаға тарту — ақылға сыймайтын, жосықсыз әрекет және конституцияға ашық қарсы шығу» деді сот шешімін оқыған бас судья Дипак Мисра.

Үндістанда бір жыныстылардың жақын қатынас жасауына 146 жыл бұрын заңмен тыйым салынған. Қылмыстық кодекстің 377-бабында бір жыныстылардың жақын қатынасқа түсуі «табиғи заңдылыққа қарсы қылмыс» екені айтылады және ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жылдары жергілікті белсенділер гомосексуализмге қатысты жазаны жоюды талап ететін кампания бастаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.