Қос Кореяның үшінші саммиті қыркүйектің ортасында өтеді

21


Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея 18-20 қыркүйекте Пхеньянда Корей түбегін ядролық қарудан арылтудың «нақты іс-қимылдарын» талқылау үшін саммит өткізуге уағдаласты. Бұл туралы 6 қыркүйекте Сеулдің жоғары шенді өкілі хабарлады.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея елшісі Чон Ый Енмен кездесуінде Корей түбегін ядролық қарусыз аймаққа айналдыруға дайын екенін тағы да қайталады. Ол бұл бағытта Оңтүстік Корея және АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орнатуға әзір екенін білдірді. Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трампқа деген сенімі «өзгермейтінін» және Трамптың президент ретінде алғашқы өкілетті мерзімі аяқталғанға дейін екі ел арасындағы ұзаққа созылған жаулық қатынасты түбірімен өзгерткісі мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алғаш рет биыл сәуірде осы елді мекенде келіссөз жүргізген. Олар екі ел арасындағы соғысты ресми түрде тоқтататын бейбіт келісімге қол қоймақ ниеті барын мәлімдеген. Пхеньян мен Сеул Корей түбегінде ядролық қарудан арылу жұмыстары басталатынын жариялаған. Екі ел басшылары сонымен қатар мамыр айында, Сингапурде АҚШ — Солтүстік Корея саммитінің қарсаңында кездескен.

Ким Чен Ын — 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяға барған алғашқы солтүстік кореялық басшы. Ал Мун Чжэ Ин Солтүстік Кореяға баратын алғашқы Оңтүстік Корея басшысы болмақ. 1953 жылы Корей соғысында бітім жасалғанымен, бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.