АҚШ Қаржы министрлігі Сирия билігін мұнаймен қамтамасыз ету және қаржыландыруға септесті деген төрт адамға және бес компанияға санкция салды.

Министрлік таратқан арнайы мәлімдемесінде санкция Сирия үкіметі мен «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының арасында мұнай саудасын жүргізуге қатысқан сириялық бизнесмен Мухаммад әл-Катиржи мен оның көлік транспорты компаниясына салынғаны айтылады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Катирджи Сирия президенті Башар Асад үкіметімен жақын байланыста болған және ИМ-ді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде ұйым басшыларымен тікелей жұмыс істеген. 

Сонымен қатар, Сирия, Ливан және Біріккен Араб Әмірліктерінде Сирияға мұнай өнімдерін жеткізу бағытында жұмыс істеген төрт компания санкцияға іліккен.

«АҚШ қанқұйлы Асад билігіне транзакция жасауға көмектесіп, ИМ-ді қолдағандарды нысанасына ала береді» деді қаржы министрі Стивен Мнучин. Катирджидің Сирияда орналасқан компаниясы сонымен қатар Ирактан Сирияға қару жөнелткен.

Санкция салынған компаниялар Сирияға ондаған миллион долларға мұнай өнімдерін тасымалдаған делінеді.

Санкцияға іліккен компаниялардың АҚШ-тағы активтері бұғатталады және америкалықтардың олармен бизнес жасауына тыйым салынады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.