Франция Ресейді спутник деректерін ұрламақ болды деп айыптады

36


Франция мен Италияның армиялары қауіпсіз байланыс үшін пайдаланатын француз-итальян әскери спутнигіндегі шифрленген деректерді Ресей ұрлауға тырысқан. Бұл туралы жұма күні Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли мәлімдеген деп хабарлайды Reuters.

Парлидың айтуынша, оқиға өткен жылы болған жерден 36 мың километр қашықта ресейлік «Луч-Олимп» радиоэлектроникалық спутнигі Athena-Fidus («Афина-Фидус») спутнигіне тым жақын барған. Еуропалық әскерилер мәліметтер қолды болмасы үшін шұғыл шаралар қабылдады дейді министр. Оның айтуынша, мұнан соң ресейлік спутник өзге ғарыш аппараттарға жақындауға тырысқан.

Парли «көршілерден тың тыңдау қырын қабақ болу ғана емес, шпиондық жасау» екенін айтқан.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.