АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтардың наразылығынан пайда көруге тырысады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды CNN.

Иллинойс университетінде сөйлеген сөзінде Обама Республикалық партия мен Ақ үй әкімшілігін сынға алған. Обаманың сөзінше, Америка қоғамында бытырау мен ұлтшылдық көңіл-күй белең алып барады, соның кесірінен 2017 жылы жазда Шарлотсвиллде тәртіпсіздіктер болған. Экс-президент дискриминацияға тойтарыс беруге шақырған. Бұл Трампқа қарата айтылған сын болатын дейді телеарна. Қазіргі президент бұған дейін Шарлотсвиллдегі тәртіпсіздіктерге қатысқан ұлтшылдарды айыптаудан бас тартқан болатын.

Солтүстік Дакотада жақтастары алдында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Обаманың сөзін «жалықтырып жібереді» деп сөккен. «Мен оны көрдім, бірақ ұйықтап қалдым», — деген ол.

Бұған дейін Трамп Обаманың билігі кезіндегі сыртқы саясатын бірнеше мәрте сынаған. Оның пікірінше, мысалы, Обама Ресеймен қарым-қатынасты жолға қоя алмаған, соның кесіріненМәскеудің Қырымды аннексиялауына мүмкіндік беріп қойған.

Қазір АҚШ-та аралық сайлау қарсаңындағы кампания өтіп жатыр. Сайлау қарашаның 6-сына белгіленген. Сайлаудан кейін Конгрестің Өкілдер палатасының құрамы мен сенаторлардың бір бөлігі жаңармақ.

АҚШ-тың экс-президенті США Барак Обама өкілеттілігі аяқталып, қызметінен кеткеннен кейін саяси іс-қызметпен айналысуды тоқтатқан. Бірақ алдағы сайлауда демократтарға қолдау білдіруді ұйғарған.

Социологиялық сауалнамалар қорытындысына сәйкес, америкалықтардың үштен бірі Обаманы АҚШ-тың ең үздік президенті деп санайды. Екінші орынға Рональд Рейган, үшінші орынға – Билл Клинтон жайғасқан. Дональд Трамп төртінші орында тұр. Қазіргі президентті сауалнамаға қатысушылардың тек 10 пайызы үздік деп атаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.