HRW Қытайдың этникалық ұйғырларға қатысты саясатын сынады

90


Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАА) мұсылман ұйғырларға қарсы «адам құқықтарын бұзу кампаниясын» жүргізіп отырғанын мәлімдеді.

Ұйым 10 қыркүйекте таратқан есебінде Шыңжаңда Қытай үкіметінің «тұрғындарды сотсыз қамауда ұстап, азаптап, қатыгездік танытатынына және жеке өміріне жиі араласатынына» дәлелдер келтірген.

Баяндамада БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетінің 10 тамызда Қытайдағы этникалық ұйғырларды «экстремизмге қарсы орталықтарда» күшпен ұсталып отырғаны, миллиондаған адамның «саяси үйрену лагерлерінде» оқытылып жатқаны туралы мәлімдемесі келтіріледі.

Қытай билігі елдің батысындағы Шыңжаң аймағында «үлкен қасіреттің алдын алғанын» айтып, айыптауды жоққа шығарған.

HRW-дың Қытай бойынша директоры София Ричардсон баяндамада Қытай үкіметі Шыңжаңда «соңғы ондаған жолдар бойы болмаған адам құқықтарын бұзу қылмысын жасап жатқанын» айтады.

«Шыңжаңдағы қуғын-сүргін БҰҰ мен басқа да адам құқықтарына алаңдайтын елдердің үкіметтері мұны тоқтату үшін ықпалды Қытайға санкция сала ма, жоқ па деген мәселеде сынақ болып тұр» деді София Ричардсон.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.