Парижде ер адам пышақпен шабуылдап, 7 адам жараланды

11


Парижде ер адам пышақпен шабуылдап, жеті адамды жаралады. Ауыр жараланған төрт адам ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында Ұлыбритания азаматтары да бар.

Шабуыл жасады деген күдікті адам ұсталды. Кейбір мәлімет бойынша, күдікті — Ауғанстан азаматы.

Оқиға 9 қыркүйек күні түнге қарай Париждің солтүстік-батысындағы 19-округте болған. Журналистердің мәліметінше, күдікті әуелде кинотеатрға келгендерге еш себепсіз пышақ жұмсаған, сосын ойыншылар мен жақын жерде өтіп бара жатқан жүргіншілерге шабуылдаған.

Reuters агенттігі дереккөзінің айтуынша, полиция әзірге оқиғаны теракт деп қарастырып жатқан жоқ.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.