Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жарлығымен Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Жас Алаш президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

64 жастағы саясаткердің орнына Әсет ИСЕКЕШЕВ тағайындалды. Әсет ӨРЕНТАЙҰЛЫ  Астана қаласы әкімі қызметінен босатылды.

Әділбек Жақсыбеков әр жылдары түрлі жоғарғы лауазымды қызметтерді атқарды. Астана қаласының әкімі, Қорғаныс министрі, Мемлекеттік хатшы, Ресей Федерациясында елшіде болған-ды. Айтпақшы, Жақсыбеков үлкен саясаттқа келмес бұрын «ЦЕСНА» корпорациясын басқарған. 1995 жылы саяси аренаға Сенат депутаты болып көтерілген еді. Сенаттан басталған саяси жол сенатпен аяқаталама екен?

Фото: time.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.