Қарағандыда президент кеткен соң көз бояушылықтар ашылды

1087

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қарағанды облысынан қайтқан соң интернет желісінде түрлі видеолар пайда болды. Жол жиегіне қойылған газондар қайта алынып, көшеге көрік берген гүлдер жерге тапталды. Дәлірек айтқанда салықтан жиналған бюджеттің ақшасы бейберекет желге кетті. Бұл желідегі жұрттың пікірі.

Аймақтағы Жас Алаш тілшісі жергілікті билік өкілдерімен осыған орай жүздескен еді. Теміртау қаласындағы гүлдердің шашылған фактісін шененуніктер жоққа шығрамайды. Бірақ… Бәрі жұрт айтқандай емес екен. Гүлдер сарғайып кетіпті.

 «Иә, президент келетін кезде саябақты әдемілеп, әрледік. Бізге демеуші болғандар көп. Солардың арқасында біз әдемілеп қойдық. Иә, гүлдердің шашылып қалғандығы рас. Сарғайып бара жатқан соң жетісі күні оларды ауыстырып, сол күні кешке қайта қалпына келтіріп қойдық» — дейді Айжан ШӘКЕНОВА Теміртау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Ал, жасанды көгалдардың жиналып, президент кеткеннен кейін олар да жоқ деп жатқан бейнематериалды Қарағанды облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі бейне Қарағандыда емес, тіпті Қазақстанда түсірілмеген деген мәлімдеме жасады. Айтуларынша, фейк ретінде салынған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды өңіріне  іс сапарымен келер алында  дайындықтың қызу болғандығы айтпаса да , айдан анық. Алайда, қарағандылықтар президент жүретін жолдар ретке келтіріліп, көршілес көшелердің сыйқы сол күйі қалғанын айтады.

«Мемлекет басшысы жүретін жолдарды сақадай сай қылып, дайындап қойды. Басқа көшені де ретке келтірсе болады ғой. Көліктен көлік қалмады. Ұят қой. Көз бояушылық неге жасайды? Назарбаев жүрмеген жолдар ойқыш-ойқыш», — дейді қала тұрғыны.

Қызығы, Нұрсұлтан Назарбаев келгенде барлық БАҚ өкілдері шақыртылмады. Достық үйінде өткен жиынға Қазақстан телеарнасының видеоинженелері мен президенттің баспасөз қызметі ғана қатысу құрметін иеленді. Тек дайын видео мен дайындалынған пресс – релиздер таратылды.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.