САҒЫНТАЕВ МИНИСТРЛЕРГЕ ӨТІРІКТІ ДҰРЫС АЙТУҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ашулы көрінді. Жиын барысында 8 ай бойынша қаржы игере алмағандардың ешқайсысын аямады. Бәрін сөзбен түйреп шықты. Ақордада үлкен ауыс-түйістердің алды басталып жатқанда үкімет жетекшісінің көңіл-күйінің бұзылуына не себеп болды екен, ә? Әйтеуір, бүгінгі жиында Бақытжан Сағынтаев қол астындағыларға зірк-зірк етумен болды.

«Игерілмеген қаржының ең көбі қорғаныс министрлігінің еншісінде…»

Бақытжан Сағынтаев:

– Қорғаныс министрлігі 15,4 миллиард теңге игермеген… Не айтасыз?

Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі:

– Біз оны білеміз. Қолдап жатырмыз. Міндетті түрде нақты шаралар жасайтын боламыз (Негізі қорғаныс министрінің мұндай сұраққа дайындалмай келгені байқалып тұр. Тіпті басқалар сияқты игерілмеген қаржыны тарқатып та айтып бере алмады. Сасыңқырап қалды. Дегенменде министрді тығырықтан үкімет жетекшісінің өзі сүйреп алып шықты).

– Сіз жаңадан келіп жатырсыз. Жақсылап қараңыз. Не себептен игерілмей жатыр? Ең қомақты сома сіздің министрлікте…

Мәдениет министрі ақшаны жоспарлы түрде игермей отыр ма?

Бақытжан Сағынтаев:

– Мәдениет және спорт министрлігі 11,1 миллиард теңге игермеген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі:

– Бақытжан Абдирович, бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр.

– Қалай жоспарлы түАрыстанбек Мұхамедиұлының министрлігі  жоспарлы түрде  қаржы игермей отыр...рде жүреді? 8 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген ақша осыншама болса… Сонда жоспарлы түрде игермей отырамыз ба?

– Бір техникалық сұрақтар?

– Қалай техникалық сұрақтар? 11 миллиард теңге. Білесіз бе, бұл ақшаға қаншама мектеп соғуға болады. Қаншама километр жол жөндеуге болады. Қаншама бала бақша соғуға болады.

– Жылдың аяғына дейін игереміз, Бақытжан Абдирович…

– Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әлгінде айтты ғой, кім қаржыны игермей жатыр, қайта қарау кезінде бәрін алып қоямыз. Өкпелемеңіздер.

Мәдениет министрі үнсіз келіскендей басын изей берді.

«Өмірзақ Естайұлы, сіздің лауазымыңыз министрден жоғары ғой…»

Бақытжан Сағынтаев:

– Ауылшаруашылығы министрлігі 10,9 миллард теңге игермеген. Сіздерге не болды?

Арыстанбек Мұхамедиұлының министрлігі  жоспарлы түрде  қаржы игермей отыр...Өмірзақ Шөкеев, премьер-министрдің орынбасары – ауылшаруашылығы министрі:

– Біздің бюджет 355 миллиард. Соның ішінде 10,9 миллиард теңге игерілмеген. Оның ішінде 5 миллиардтан астам теңгеге су шаруашылығының актілерін күтіп отырмыз. Актілерге қол қойылса, ақша бірден төленеді. Содан кейін ғылым жағынан… 3,5 миллиард теңгені баяғыдан дайындап қойғанбыз, білім министрлігіне өтініш берілген. Маусым айында… Екінші өтініш тамыз айында берілген. Ол министрлік өтінішті 90 күн қарайды екен. Соны қалай біз қысқартамыз? Мен қайта-қайта телефон шаламын, ол кісілермен сөйлесемін. Мүмкін тәртібін өзгерту керек шығар. 90 күн деген өте көп қой…

– Өмірзақ Естайұлы, сіз үкімет басшысының орынбасарысыз. Министрге қарағанда сіздің лауазымыңыз жоғары. Шақырып алыңыз да қарап шығыңыз.

– Жо-жоқ, қайта-қайта сөйлесіп жатырмын. Мүмкін соның тәртібін өзгерту керек шығар.

– Тәртібін өзгертесіздер ме, басқа жасайсыздар ма, әйтеуір, берілген ақша игерілуі керек. Ғылымға деп ақша аласыздар. Сонымен игерілмей жатады. Онда не үшін ақша беріледі?

«Өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой»

Бақытжан СағАрыстанбек Мұхамедиұлының министрлігі  жоспарлы түрде  қаржы игермей отыр...ынтаев:

– Ішкі істер министрлігі…

Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі:

– Бақытжан Абдирович, игерілмеген 4,5 милллиард теңге келісім-шартта тұр. Қыркүйекке дейін орындаймыз.

– Қалай сонда, біз қазір қыркүйектің ішінде отырмыз ғой. Бүгін 11- қыркүйек емес пе?

– Мәселе «Қорғаспен» болып жатыр. Бәрін орнына келтіреміз. Қалғандары экономия. 2,9 миллиард теңге…

– Өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой.

Ішкі істер министрі сазарып отырып қалды.

Тек: «Қосымша келісім шарттар ғой. «Қорғас» нысандарына байланысты…» дей берді.

– Чо означает дополнительный договор деген? Сізде 9,5 миллиард теңге игерілмей жатады. Сіз «дополнительный договор» деп айтасыз. Бәлкім қаржы керек емес шығар…

«Сонда 8 ай бойы не істедіңдер?»

Бақытжан Сағынтаев:

– Ақпарат және коммуникация министрлігінен кім бар?

Министрдің өкілі орнынан тұрып, микрофонға жақындап:

– Барлық қаржы жылдың аяғына дейін игеріледі, – дей берген.

– Бізге жылдың аяғына дейін игерілгені керегі жоқ. Бізге қазір игерілгені керек.

– Қыркүйек айынан бастап ақшалар игеріле бастайды.

– Қыркүйекте игеріледі дегені несі? Сонда 8 ай бойы не істедіңдер? Бұл ақшалар осыған дейін игерілуі керек еді.

«Қырымбек Елеуұлы, ондай себептерді бізге айтпай-ақ қойыңыз»

Бақытжан Сағынтаев:

– Қызылорда облысы 2,9 миллиард теңге игермеген.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

–… Иә, 2,9 миллиард теңге игерілмеді. Осы аптаның соңына дейін келісім-шарттар тіркеледі. Сосын қаржыны игеруден проблема болмайды. Өзіңіз де байқап отырған боларсыз, мемлекеттік сатып алу ісіндегі кемшіліктер бюджет қаржысының уақтылы игерілуіне кедергі болып отыр. Мәселе қатаң бақылауда. Қаржының жылдың соңына дейін игерілетініне күмәнім жоқ.

– Біздің күмәніміз жоқ, Қырымбек Елеуұлы. Бірақ, бізге керегі уақытында игерілуі. Барлығы ақшаны алатын кезде «уақытында игереміз» деп айтады, алып алғаннан кейін мемлекеттік сатып алу, мердігер деген сияқты сансыз себептерді айта бастайды.

– Жоқ, мен жауапкершіліктен қашып отырғаным жоқ. Бірақ, мемлекеттік сатып алу процесі, арыз түседі, осылайша созылатыны бар…

– Қырымбек Елеуұлы, сіз сол облыстың басшысысыз. Сондықтан ондай себептерді бізге айтпай-ақ қойыңыз.

– Рахмет.

«Трибунаға шығыңыз. Сіз үкімет жиналысында отырсыз…»

Бақытжан Сағынтаев:

Түркістан облысы 1,9 миллиард теңге игермеген.

Осы жиынға арнайы қатысып отырған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев орнынан тұрмастан қолындағы қағазын оқуға ыңғайлана берген. Бірақ, үкімет жетекшісі:

–Трибунаға шығыңыз. Сіз үкімет жиналысында отырсыз, — деп саңқ ете қалды.

Мұндайды күтпеген Түймебаев абдырап қалды. Бірақ, орнынан тұруға асыға қоймады.

Сол кезде премьер-министр тағы да:

– Жансейіт Қансейітұлы… – деп ескерту жасады.

Содан кейін ғана барып облыс әкімі ақырын орнынан тұрып, трибунаға беттеді.

–Игерілмеген қаржының 2 миллиард теңгесі Шымкент қаласы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қаралған нысаналы трансферттің есебінен болып отыр. Бұл қаржылар республикалық бюджеттің өзгерісінен кейін облыстың бюджетінен қысқартылып, Шымкент қаласының бюджетіне ауыстырылатын болады. Қалған қаржыны жылдың соңына дейін игереміз деп сөз береміз.

Облыс әкімінің мына уәжінен кейін үкімет жетекшісі аздап жуасып қалды. Әлде әлгінде ғана қатқылдау сөйлегенінен ұялды ма, әйтеуір, Түймебаевты басқалар сияқты түйремеді.

– Түркістан облысы бөлініп, жұмысты бастап кеттіңіздер. Үкімет резервінен көптеген қаржылар бөлінуде. Осының бәрі уақтылы игерілуі керек. Осыған баса назар аударыңыз, – деді де қойды.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.