Шымкентте бірнеше шенеунік "парамен" ұсталды

154


Шымкентте Түркістан облыстық білім департаментіне қарасты әдістемелік орталықтың басшысы, бөлім басшысы және бас есепшісі пара берді деген күдікпен ұсталды. шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің 11 қыркүйекте хабарлауынша, ұсталғандар 6 миллион теңге пара берді деген күдікке ілінген.

Мемлекеттік мекеме мәліметінше, әдістемелік орталықтың басшысы Г. Себепова, бөлім басшысы У. Тұтқышбаев және бас есепші А.Кущенко «экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне осыған дейін түрлі мәдени іс-шаралар үшін бюджеттен бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іске қатысты оң шешім қабылдау үшін пара беру үстінде» ұсталған.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің «пара беру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты оларды кепілмен қамаудан босату туралы қаулы шығарған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.