Ауғанстандағы жарылыстан ондаған адам мерт болды

16


Ауғанстан шығысында болған жарылыстан кемі 32 адам қаза тауып, 130-ға жуық адам жараланды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, демонстранттар жиналған жерде бір адам өзін жарып жіберген. 

Нангархар уәлаятының губернаторы Аттаула Хогианидің айтуынша, жараланғандардың арасында халі мүшкілдері көп, сондықтан қаза болғандар саны да артуы мүмкін. 

Жарылыс уәлаят орталығы Жалабад пен Пәкістан шекарасындағы Торхам бақылау-өткізу бекетіндегі күре жолда болған. 

Хогиани жарылысты жасаушы жергілікті полиция бастығын тағайындауға қарсы наразылық білдіру үшін келген демонстрантар жиынын әдейі таңдаған дейді. 

Бұл оқиғадан бір сағат бұрын Жалалабадтағы бір мектептің жанында екі шағын жарылыс болып, екі бала қаза тауып, төрт адам жараланған. 

Жарылыстардың бәрі де АҚШ халқы 17 жыл бұрын 2001 жылы қыркүйектің 11-ндегі терактіні еске алып жатқан сәтімен сәйкес келген. 

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани жарылысты «азаматтық нысандарға мешіттер мен әйел-балаларға шабуыл жасау — адамзатқа қарсы жасалған қастандық» деп айыптады. 

Бұл аймақта «Талибан» мен «Ислам мемлекеті» экстремистік топтары бар. НАТО 2014 жылы әскерін алып кеткен соң Ауғанстан үкіметі олардың шабуылдарына тойтарыс беруге тырысып келеді. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.