Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөйледі

30


АҚШ президенті Дональд Трамп Пенсильвания штатында 17 жыл бұрын United Airlines компаниясының ұшағы құлаған жерге жақын орналасқан Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысты. Ол құрбан болған жолаушыларды қастыққа қарсы күрескен қаһармандар деп атады.

Ұшақта барлығы 37 адам, оның ішінде төрт терроршы және жеті экипаж мүшесі болған. Ұшақ жолда апат болған. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ Вашингтондағы Капитолий ғимаратына жетуге небәрі 20 минут қалғанда құлаған.

АҚШ-та 11 қыркүйек – 2001 жылдың осы күні Нью-Йоркте, Вашингтонда және Пенсильвания штатында болған теракті құрбандарын еске алу күні.

17 жыл бұрын «Әл-Қаида» ұйымының жанкештілері жолаушылар төрт ұшағын айдап әкетіп, Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйінің ғимаратын, Вашингтон жанындағы Пентагон ғимаратын соққан. Шабуылдан үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапты. Олардың ішінде Пенсильвания штатына құлаған ұшақтағы жолаушылар да бар.

Нью-Йоркте Дүниежүзілік сауда үйінің қос мұнарасы болған орынға терактіден тірі қалғандар мен қаза тапқандардың туыстары келіп, еске алды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.