Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Түркия елшісі Женгиз Камил Фыратты 11 қыркүйекте министрлікке шақыртты. Бұл жөнінде сыртқы саясат мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 1-2 қыркүйекте Қырғызстанға жасаған сапарында жасалған келісімдерді жүзеге асыру барысы және Қырғызсьтан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жоғарғы кеңесінің кезекті отырысы  талқылған.

«Қырғызстан тарапы елшіге қоғамға шынайы ақпарат жеткізсе деген тілегін білдірді», — делінген мәлімдемеде.

10 қыркүйекте брифинг кезінде Женгиз Камил Фырат «Сапат» (бұрын «Себат» деп аталған) білім беру мекемесінің ғимараттары Түркияның салық төлеушілері есебінен салынған деп мәлімдеп, енді бұл мекеме ғимараттарын «Маариф» қорына беру жоспарда барын айтқан. Бірақ білім министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарып, «Сапатқа» қатысты барлық мәселе тек құрылтайшыларының шешімімен ғана қабылданады деген. «Сапат» құрылтайшылары Қырғызстанның білім министрлігі мен қырғыз азаматтары саналады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.