Газеттің  73-санына шыққан кей мақалаларға қысқаша шолу

Саясат

«Шау тартқандардың күні бітуге жақын»

 Сонда Әсет Исекешевті мұндай лауазымды қызметке тағайындау ескі гвардияның әлсіреп, шау тартқан шалдардың орнын жастар басып жатқанын көрсете ме? Саясаттанушы Досым Сәтбаев соңғы ауыс-түйістер саясаттағы қарт ойыншылардың күні бітуге тақау екенін әйгіледі дейді. «Әділбек Жақсыбеков пен Нұртай Әбіқаевтың кетуі, В.Нидің өлімі – осының бәрі қарт саясаткерлердің дәуірі бітуге жақын қалғанын айғақтайды. Элитаның жасаруы жақындап келеді. Динозаврлардың орнын жаңа homo burocraticus басып жатыр. Әйтеуір, номенклатуралық эволюция елге кесірін тигізбесе болғаны. Өйткені динозаврлар талай нәрсені бүлдіріп, шалт басты. Оның үстіне асарын асап, жасарын жасап біткендерді билік пен ақшаға әлі тоймаған ашкөздер басуы мүмкін. Бұлар да шалт кетсе,  мұның арты лапылдаған жалынға айналуы ғажап емес».

Шымшыма

Моника мен депутаттың көз жасы

Мәселен, Моника өзінің Астанаға сонау Конгодан арнайы келіп ЭКСПО-ны көргенін, көрмеде қарап жүрмей, жергілікті жігітпен серуен құрғанын, серуендей-серуендей визасының уақытын өткізіп, жүкті болып бала туып, қазақстандықтардың санын біреуге арттырғанын міндетсіп, еліне кете алмай қалғанын бәлсініп көз жасын төгіп жүр. Ал біздің депутаттарымыз несіне бәлсінеді? Таудан қарағай түсірген еңбегі немесе топырлатып бала туып жатқаны бар ма еді?

Ал, ендеше!

«Нұр Отанға» адам жетпей жатыр!

Енді хаттың мазмұнына келейік. Орыс тілінде жазылған қызметтік хатта 2018 жылдың 21 қыркүйегіне дейін барын салып партияға жаңа мүшелер тарту туралы тапсырма берілген. Сондай-ақ «шілде-тамыз айларында партия мүшелерінің жоспарын толық тапсырмағандардың бәрі жоспарды қыркүйек айында өткізсін» делінген. Бұл істің қалай атқарылғаны туралы ақпараттың қалалық филиалдың төрағасы, қала әкімі Г.Ашимовқа жолданатыны да ерекше ескертілген.

Жемқорлық

Қордайлық шенеуніктер «көк қағазсыз» қолдарын қимылдатпай ма?

Жер телімін тиісінше рәсімдеуге көмектесу үшін алдын ала 50 мың АҚШ долларына келісіп, соның 2 миллион теңгесін бермек болған осы Қордай ауданының кәсіпкері болып шықты.

Мерейтой

Қызылорда қаласына – 200 жыл!

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, қала әкімі:

Ең бастысы – тойдың арқасында халыққа жағдай жасау, тұрмысын көтеру, қол ұшын созып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Бұл қарапайым мереке емес, бұл – тарихқа тағзым, болашаққа бағдар. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар мен көшелер пайда болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты. Бұл – Сыр жұртшылығының ынтымағы мен бірлігінің, жерлестеріміздің бізге артқан сенімі мен қолдауының арқасында бірлесе атқарған еңбегіміздің жемісі.

Тарих

Бейбіт Қойшыбай: Әшкере

Қазан төңБүгінгі «Жас Алашта»: «Шау тартқандардың күні бітуге жақын»керісінен кейінгі он жылдың шындығын – Франция жұмысшылары делегациясы мүшелерінен жасырылған ақиқатты – Мұстафа Шоқай кеңес басылымдары беттерінен іздеп тауып көрсеткен. Сондықтан да оның бұл кітапшасы  жүздеген мың түркістандықтың аштан өліп, режим құрбаны болғанын нақты куә көзімен әңгімелейді

 

 

Руханият

Тұрсын Жұртбай: Рух  рауаяттары

Осы біз қазақтың қарапайым атауын ұмытып барамыз-ау! «Пайғамбарлар қиссасында» «Араб жарты аралы» деген сөз жүр. Бүтін не жарты арал бола ма? Аралдың аты – арал! Ал «полуостров» дегеніміз – түбек. Араб түбегі, Маңғыстау түбегі!  

Әдебиет

Жадыра Шамұратова

Бүгінгі «Жас Алашта»: «Шау тартқандардың күні бітуге жақын»Жоқ іздеген жолаушы (новелла)

— Мына баланы балалар үйіне тапсыру керек, Зайнаб. Мен болсам жұмыстамын, ал сен баланы мүлдем қарамайсың, саған ойыннан басқа ештеңе керегі жоқ, өстіп жүріп екеуміз мұны өлтіріп алып обалына қалармыз.

Сөйтіп, әкем сіңлімді балалар үйіне өткізді, біз бастапқыда сәбиге барып, жағдайын біліп тұрдық, бірақ арада уақыт өткенде одан көз жазып қалдық.

Спорт

Қақпаға доп теппейтін құрама

 Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өз тобынан шыға ала ма? Әрине, азды-кем мүмкіндік әлі де бар. Грузия Андоррамен тең ойнаса, Латвияға сырт алаңда есе жіберсе, қарашадағы қарымта кездесуде Қазақстаннан ұпай ала алмаса… ең бастысы, ендігі төрт кездесуде біздің құрама 12 ұпай қанжығаласа… Осынша есеп-қисапты шетке ысырып қойып, «топтан шығуға еш мүмкіндігіміз жоқ» деп қазірден-ақ айтуға болатын сияқты. Андоррамен кездесу осындай ойға жетеледі.

Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.