Гиссар қаласындағы Рахмонның кітабына қойылған ескерткіш

Тәжікстанда оқылымы жоғары кітаптар тізімінде Рахмонның туындылары Шекспир, Пушкин, Достоевкийлерден биік тұрады. Бұл туралы zhasalash.kz сайты kaktakto.com порталына сілтеме жасап, хабарлайды.

Тәжікстанда әр тәжік оқуға тиісті отандық және шетелдік авторлардың 50 кітабының тізімі жасалды. «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі мен Ұлттық кітапхана мамандары алғашқы үштікке республика президенті Эмомали Рахмонның шығармаларын енгізген.

Ал, Шекспирдің «Гамлеті» 33-орында; Толостойдың «Соғыс және бейбітшілігі» 44-ші; Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» романы 48-ші орынға жайғастырылған.

Тізімде тұрған №1 кітап ­– «Чехрахои Мондагор». Эмомали Рахмон бұл кітабында тәжік ұлты мен мемлекетін қалыптастыруда ұлттық ғылым мен ұлттық салт-дәстүрлерге зор үлес қосқан белгілі тарихи тұлғалар жайлы жазған. №2 – төрт томдық «Таджики в зеркале истории. От ариицев до саманидов». Президент бұл шығармасында тәжіктердің тарихын ежелгі дәуірден бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін індетеді. Бұл щығарманың ұлылығы соншалық, 2016 жылы Тәжікстанның Гиссар қаласында осы кітаптың құрметіне салмағы 1 тонна болатын ескерткіш қойылған. Үшінші орынға – Рахмонның лингвистикалық зерттеулері біріктірілген «Забони миллат – хастии миллат» кітабы жайғасқан.

Бұл ештеңе емес, бесінші орын алған Ато Хамдам мен Леонид Чингриннің кітабы да президентке арналған: «Подвиг Эмомали Рахмона» деп аталады. Әрине, Тәжікстан президентінің мемлекет тарихындағы қайраткерлігі туралы ода. 

Рахмонның шығармалары мен Рахмон туралы жазылған кітаптарды игеріп болған соң ғана Рудаки, Руми, Фирдоуси, Джами, Дюма, Шекспир, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Достоевский, Хемингуэй, Айтматовтарды оқуға кірісуге болады.

Тәжіктер түзген тізім төмендегідей:

  1. Эмомали Рахмон — «Чехрахои мондагор» (портретные очерки)
  2. Эмомали Рахмон — «Таджики в зеркале истории. От арийцев до саманидов» (историческая проза, в 4-х томах)
  3. Эмомали Рахмон — «Забони миллат — хастии миллат»
  4. Бободжон Гафуров – «Таджики» (исторический очерк)
  5. Ато Хамдам, Леонид Чигрин — «Подвиг Эмомали Рахмона» (документальная повесть)
  6. Абуабдулло Рудаки — Стихи
  7. Абулькасим Фирдавси — «Шахнаме» (поэма)
  8. Джалолиддин Руми (Балхи) — «Маснавии Маънави» (поэма)
  9. Абдурахмон Джами — «Бахористон» (поэма)
  10. Саади Ширази – Газели; Рассказы («Гулистон» и «Бустон»)
  11. Хафиз Ширази — Газели
  12. Унсуралмаали Кайкавус – «Кабуснаме»(проза)
  13. Робиндранат Тагор — «Дочь Ганга» (роман)
  14. Мо Ян — «Красный гаолян» (роман)
  15. Теодор Драйзер — «Дженни Герхардт» (роман)
  16. Михаил Булгаков — «Мастер и Маргарита» (роман)
  17. Антуан Сент Экзюпери — «Маленький принц» (повесть)
  18. Гарсиа Маркес — «Сто лет одиночества» (роман)
  19. Александр Дюма — «Граф Монте Кристо» (роман)
  20. Михаил Лермонтов — «Герой нашего времени» (роман)
  21. Джек Лондон — «Мартин Иден» (роман)
  22. Этель Лилиан Войнич — «Овод» (роман)
  23. Иоганн Гёте — «Фауст» (трагедия)
  24. Борис Пастернак — «Доктор Живаго» (роман)
  25. Сотим Улугзаде – «Восе» (роман)
  26. Харуки Мураками — «Норвежский лес» (роман)
  27. Джебран Халил Джебран – «Пророк» (эссе)
  28. Франц Кафка — «Процесс» (роман)
  29. Иван Тургенев — «Отцы и дети» (роман)
  30. Сомерсет Моэм — «Театр» (роман)
  31. Ги де Мопассан — «Милый друг» (роман)
  32. Стендаль (Анри Бейль) — «Красное и черное» (роман)
  33. Уильям Шекспир — «Гамлет» (трагедия)
  34. Садриддин Айни — «Воспоминания» (проза)
  35. Джалол Икрами — «Двенадцать ворот Бухары» (проза)
  36. Мирзо Турсунзаде – «Дорогая моя» (поэма)
  37. Фазлиддин Мухаммадиев – «Дом на окраине» (повесть)
  38. Лоик Шерали — Стихи
  39. Бозор Собир — Стихи
  40. Гулрухсор — Стихи
  41. Александр Пушкин – Стихи и поэмы
  42. Сергей Есенин — «Персидские мотивы» (цикл стихов)
  43. Фёдор Достоевский — «Преступление и наказание» (роман)
  44. Лев Толстой — «Война и мир» (роман)
  45. Максим Горький — «Мать» (роман)
  46. Иоганн Гёте — «Западно-восточный диван» (цикл стихов)
  47. Эрнест Хемингуэй — «Старик и море» (повесть)
  48. Чингиз Айтматов – «И дольше века длится день» (роман)
  49. Абдулхамид Самад — «Вращение смерча»
  50. Саттор Турсун – «Жизнь у красных холмов» (роман)

Фото: youtube.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.