Шымкент қаласындағы мешіттер жамағаттан садақаны «QIWI кошелек» терминалы арқылы қабылдауда бастады. Енді мешітке атаған садақаңызды арнайы жәшіктерге ғана емес, Алла үйінде орнатылған терминал арқылы да тастай аласыз. Имамдардың айтуынша, бұл құлшылық үйлеріне қанша садақаның түсіп жатқанын ашық көрсететін жүйе болады әрі мұндай жүйе құзырлы органдардың тексеруіне де ыңғайлы.

-Қаладағы 25 мешітке терминал орнатуды бастап кеттік. «QIWI» компаниясымен келісім бар. Садақаны терминал арқылы берудің ешқандай қиындығы жоқ. Экранның бетінде «садақа зекет» деген жазу болады. Садақаны терминалмен мешіттердің тікелей есеп-шоты арқылы да аудара аласыз. Мұндай жүйе Алматы мен Шымкент қалаларында Қазақстан мұсылмандары дін істері басқармасының және Қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр,-деді  zhasalash.kz сайтының тілшісіне берген түсініктемесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкіл-имамының орынбасары Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ.

 М.Естеміровтың айтуынша, терминал садақаның аударылғаны жөнінде чек шығарып береді.

Алдағы уақытта  Шымкент қаласы  әкімдігімен келісім жасалынып, бірқатар орталық базаларға садақа қабылдайтын «QIWI» терминалы  орнатылмақ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.