Көрнекі сурет

Бұдан былай Астана көшелерінде (су басқан жағдайда) қайықпен жүруге болады. Себебі, бұл ешқандай да қылмыстық әрекетке жатпайды.

Астана қаласында 20 тамыз күні көшедегі селде қайықпен жүріп, жұртты күлкіге қарық қылған екі тұрғынның үстінен әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК көлемінде айыппұл кесілген. Бұл шешім көпшіліктің наразылығын тудырған соң, іс қайта қаралып, бүгін екі тұрғын ақталып шықты.

Астана соты 26 жастағы Жандос Садыбек пен Дмитрий Кирилловтің әрекетінде «әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ» деген шешім шығарды.

«Сол күні қайық біздің көлігімізде болған. Айналаның бәрі су болған соң, қайықпен жүзіп көрейік деп шештік. Бұл жай ғана әзіл болатын, ешқандай жаман ойымыз болған жоқ», — дейді Дмитрий Кириллов.

Екі жігіт те бұдан кейін Астана көшелерінде қайықпен жүзбейтіндерін айтады. Әрқайсысына 12025 теңгеден салынған айыппұлды төлеуге келіскен екі жігітке әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтар жаппай қолдап, полицияның шешіміне наразылық білдірген. Артынша «заң бұзушыларға» адвокат Сергей Сизинцев хабарласып, әрекеттерінде ешқандай да заң бұзушылық жоқ екенін ескерткен. Осыдан басталған сот процесі ақыры екі жігіттің пайдасына шешілді.

«Мұндай жағдай қайталанбайтыны анық. Ешкімге қызық емес те шығар. Мүмкін, басқа бір нәрсе ойлап табармыз, бірақ алдымен адвокатпен ақылдасамыз», — дейді Жандос Садыбек.

Фото: photoputeshestviya.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.