Трамп пен Макрон Сирия мен Ливан жайын талқылады

59


АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонмен сөйлесіп, екеуі Ливан мен Сириядағы жағдайды талқалған. Екі президент аталған аймақта тұрақсыздық туғызатын «Хезболла» ұйымы мен Иранның іс-әрекетіне одақтастармен бірігіп қарсы тұру қажеттігімен келіскен. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

18 қарашада Ливан премьер-министрі Саад Харири Ливандағы жағдайды реттеуге тырысып жатқан президент Макронмен келіссөз өткізу үшін Сауд Арабиясынан Францияға барған. Жұма күні Макрон Харариді Ливан премьер-министрі ретінде Парижде қарсы алуға дайын екені және ол жақын күндері Бейрутке оралады деп сенетіні туралы мәлімдеген.

Франция президенті Ливанда ираншыл және саудияшыл топтар арасында туындаған саяси дағдарысты шешу үшін арағайындық жасауға тырысып отыр. Саад Харари 4 қарашада Сауд Арабиясында сапармен жүрген кезде отставкаға кететіні туралы мәлімдеген. Бірақ Ливан президенті оның отставкасын қабыл алудан бас тартып, Сауд Арабиясы билігін «Харириді еркінен тыс ұстап отыр» деп айыптаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.