Зимбабвенің биліктегі «Зимбабвенің афиркалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан» партиясының орталық комитеті бүгін арнайы отырысында Роберт Мугабені партия басшылығынан алу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Reuters. Билік партиясының жаңа басшысы болып бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва сайланған.

Мугабенің әйелі Грейс Мугабе партиядан шығарылды деп хабарланды.

Осының қарсаңында сенбі күні ел астанасы Хараре қаласында ондаған мың адам көшеге шығып, Мугабені биліктен шеттеткен әскерилерге қолдау білдірген. Кей бұқаралық ақпарат құралдары Мугабе елден кетіп қалды деп хабарлады. Әзірше ресми орындар ол ақпаратты растаған жоқ.

Сенбінің кешінде Мугабенің кортежі Хараредегі мемлекет басшысының «Көгілдір шатыр» резиденциясынан шығып кеткен. 15 қарашада Зимбабве қарулы күштер елде төңкеріс жасағаннан кейін Мугабе мен оның әйелі сол резиденцияда әскерилердің бақылауында болған.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билік басында отырған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.