Оңтүстік Қазақстан облысында «деструктивті ағым мүшелері» деп ұсталып, екі айға қамауға алынған үш күдіктінің қамауға алу мерзімі 1 айға ұзарды.

Шымкенттегі «Гарант» дүкендері аумағында «деструктивті ағым мүшесі» ретінде ұсталған Бақытжан Ізтілеуовтің әйелі Айгүл Сатиеваның Азаттыққа айтуынша, Бақытжан Ізтілеуовті қамауға алу мерзімі 1 айға ұзартылған. «Бүгін тергеу амалдарының аяқталмауына байланысты қамауға алу мерзімі 1 айға ұзарды» деді ол. 

Қамауға алу туралы қаулы санкция берген Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты күдіктілердің қамауға алу мерзімі тергеушілердің сұрауы бойынша ұзарғанын Азаттыққа растады. 

Бақытжан Ізтілеуов 19 қыркүйекте Шымкентте, Алпамыс Жүсіпбеков — Сарыағаш қаласында, Таңат Борашев Жетісай қаласында ұсталған.

20 қыркүйекте ұсталған үшеуі Шымкентте «деструктивті діни ағым мүшелерінен құралған қылмыстық топ» құрамында болды деген күдікпен 19 қарашаға дейін қамауға алынған болатын.

Жүсіпбеков пен Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі («Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру») бойынша күдікті деп танылған. Ал Ізтілеуов 174-баптың 1 және 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру»), 256-баптың 1-бөлімі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша күдікті деп танылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.