Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы Сирияда халықаралық конвенциямен тыйым салынған кассеталық бомбалардың тағы да қолданылғанын хабарлады. CIT»Ақ каска» деп аталатын сириялық азаматтық қорғаныс отрядының қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйеніп, Башар Асад әскері ол бомбаларды Ресейден алған болуы мүмкін екенін айтады.

Сириялық белсенділердің мәліметінше, 20 қараша күнінің өзінде-ақ Шығыс Гута алқабында кассеталық бомбамен атқылау салдарынан арасында бір бала бар — төрт адам қаза тауып, 59 адам жараланған. Соңғы аптада бұл аудандағы бомбалау салдарынан 70-тен астам адам қаза тапқан. Атқылау кезінде СССР-де 1983 жылы қару-жарақ сапына қосылған кассеталық снарядтар қолданылған. CIT Асад әскері мұндай снарядтарды бірінші рет Ресей Сирияда әскери операциясын бастаған соң қолданғанын айтады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Ресейді Сирияда халықаралық конвенциялармен тыйым салынған кассеталық оқ-дәрі және химиялық қару қолданды деп бірнеше рет айыптаған. Кремль бұл айыптауларға дәлел жеткілікті екеніне қарамастан, оларды жоққа шығарып келеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.