АҚШ сенаты 1988 жылғы Америка комиссиясының Украинадағы 1930 жылдардың басында совет билігі ұйымдастырған жаппай ашаршылық — Голодоморды геноцид деп тану туралы қорытындысын мойындайтын қарар қабылдады. Қарарда Иосиф Сталин мен оның билігі 1932-1933 жылдары Украинада жаппай аштық ұйымдастырып, украин халқына қарсы геноцид жасағаны айтылады. Сенаттағы дауыс беру қорытындысы мен қарар мәтіні сенаттың ресми сайтында жарияланды.

Қарарда Украинаның миллиондаған тұрғыны Сталин басшылығының халықтың ұжымдастыру мен коммунистік режимге қарсылығын басып, сағын сындыру үшін «Украинада әдейі ашаршылық жасау» туралы шешімінен қырылғаны айтылады. Құжатта келтірілген мәлімет бойынша, Украинада ауылды жерлерде тұратын халықтың төрттен бірі қолдан жасалған ашаршылықта қырылған.

2017 жылдан бері Украина мен басқа да елдерде Голодоморға 85 жыл толғанына байланысты еске алу шаралары өтіп жатыр. 2006 жылы Украина Голодоморды ресми түрде украин халқына қарсы жасалған геноцид деп таныған.

Ресей билігінің ұстанымы бойынша, Украинадағы ашаршылықты сол кезеңде СССР-дің басқа да аймақтарында болған ашаршылықтан бөліп қарастыруға болмайды.

Биыл ақпанда Ресейдің Израильдегі елшілігі осы ел депутаттарының бірінің Голодоморды геноцид деп тану туралы ұсынысына қатысты «1930 жылдардағы ашаршылық орыстар, украиндар, қазақтар мен басқа да совет халықтарына ортақ гуманитарлық апат болғанын» мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.