Қанттың бағасы соңғы бір аптада  айтарлықтай өсіп кеткен. Әлеуметтік дүкендерде осыдан бір апта бұрын қант 206 тенге тұрса, қазір 210 теңгені құрап отыр. Бұл тек әлемеуметтік дүкендерде.

Қарағандыда бір адамға 3 келі қанттан артық алуға болмайды

Ал, пайда көрген жеке меншік иелері  шекер құнын 241 теңгеге дейін жеткізген. Бұл мәселе қала тұрғындарының ашуын туғызды. Бірі,  билік неге назарда ұстамайды деп ашу – ызасын білдірсе, кейбіреулері оның бағасын түскенін күтеміз деп қана мұңайады.

Ал, облыс шенділері мәселені барын біледі екен. Алайда, жеке кәсіпкерлердің ісіне кірісе алмайтындарын алға тартып отыр.

Қарағандыда бір адамға 3 келі қанттан артық алуға болмайды

 

«Қант бойынша мәселені біз назарымызда ұстап отырмыз. Соңғы күндері азынаулақ баға өсті. Тек әлеуметтік павильондар арқылы мәселені ретке келтірмекпіз», — дейді қысқа қайырған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік ШАЙДАРОВ.

Мәселенің анығына жету мақсатында әлеуметтік сауда орнына да бардық. Онда қант бағасы 210 теңге. Бірақ бір адамға кешеден бері 3 келіден ғана сатады екен.

«Кеше бізге басшылармыз бір адамға 3 келіден артық қант берілмесін деген тапсырыс айтқантын. Арзан болғанымен, шектеу де жоқ емес. Біз тек айтқанды орындаймыз», — дейді есімін айтқысы келмеген дүкен сатушысы.

Облыстық өндіріс басқарма қызметкерлерінің айтуынша, қыркүйек айында Ресейден 1141 тонна шекер жеткізілген, ал ағымдағы айдың басныда 204 тонна тағы толықтырылған.

Қарағандыда бір адамға 3 келі қанттан артық алуға болмайды

 

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше,  қазан айында қант қызылшасын жинау науқаны басталады. Және үш зауыт іске қосылады. Дефицинт байқалып отырған жоқ.  Оныншы қазаннан өнімдер саудаға түсетін болады» — дейді ішкі сауда бөлімінің жетекшісі  Махат КҮСПЕКОВ.

Дегенімен, кәсіпкерлер бағаларын көтеретінін о баста ескертіп қойған. Оның себебі, Ресей фабрикаларынан келген қанттың салдары. Сондықтан, көршіден тасмалданған қант бағасы арзандамайтыны айдан анық.

 

Қарағандыда бір адамға 3 келі қанттан артық алуға болмайды

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.