Египет қауіпсіздік күштері Минья провинциясында копт христиандары монастріне зиярат етіп барған топ адамға шабуыл жасады деген күдіктілердің көзін жойғанын мәлімдеді. 2 қараша күні жасалған шабуылдан жеті адам қаза тауып, 19-ы жараланған.

Египет Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) 4 қараша күні мәлімдеуінше, Минья провинциясынан батысқа қарай шөлейт аймақта өздерінің қауіпсіздік күштері содырлардың ізіне түсіп, 19 содырдың көзін жойған. Хабарламада қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің қаза тапқаны немесе жараланғаны туралы айтылмайды.

Шабуылды «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. ИМ мен онымен байланысты топтар бұған дейін де Египеттегі копт христиандарына шабуыл жасағандарын мәлімдеген. Египетте алты миллионға тарта копт христиандары бар.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.