Бүгін Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында «Астана» футбол командасы Францияның «Ренн» командасын 2:0 есебімен ұтып, өз тобында 4 ұпаймен көш бастады.

Астана командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий БАБАЯН алаңға Ненад Эрич, Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина, Дмитрий Шомко, Ричард Алмейда, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Педро Энрике, Марин Томасов, Жуниор Кабананга сынды ойыншыларды бастап шықты.

Бабаян шәкірттері бірінші таймда гол соғуға қаншалықты әрекет еткенімен бірінші қырық бес минут тең дәрежеде аяқталды. Астана алғашқы голын стандартты жағдайдан соқты. 64 минутта хорватиялық легионер Марин ТОМАСОВТЫҢ бұрыштамадан берген добын Бахтиор ЗАЙНУТДИНОВ баспен гол соғып, өз командасын алға шығарды.

91 минутта қарымта шабуылда Марин Томасов екінші голды соғып матчқа нүкте қойды. Осылайша «Астана» екі ойын нәтижесінде 3 ұпайға қол жеткізді. Бірніші ойынын Киевте өткізген елордалық футболшылар атақты «Динамодан» бір ұпай алып қайтқан еді.

26 қазан күні «Астана» топтағы үшінші ойынын Чехияның «Яблонец» командасына қарсы шығады. Матч сырт алаңда өтеді.

Фото: fcastana.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.