Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан спортшысы Абзал Ажғалиев 500 метрлік жарыста күміс алды. Алтын жүлдені Қытай спортшысы Ву Дажинг, қола жүлдені венгриялық Шаолинь Шандор Лю иеленді.

26 жастағы Ажғалиев 2014 және 2018 жылдары өткен олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрлік жарыста алтын иеленген. 

Биылғы әлем кубогы бес кезеңнен тұрады. Екінші этап 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде, үшінші кезең 7-9 желтоқсанда Алматыда өтеді. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.