АҚШ әскери-теңіз күштері 5 қараша күні ресейлік Су-27 жойғыш ұшағы Қара теңіз үстінде америкалық EP-3E ARIES II барлаушы ұшағына тым жақын ұшып келіп, қауіпті маневрлер жасағанын мәлімдеді.

Ведомство ресейлік ұшқыш АҚШ ұшағының экипажына әдейі қауіп төндіргенін айтады. Ресей ұшағы америкалық ұшаққа екі рет жақын келген әрі екінші рет жақындағанда жылдамдықты арттырып, америкалық ұшқыштарға қолайсыздық тудырған. Ресей Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағының «барлық тиісті қауіпсіздік шараларын» бұлжытпай орындағанын айтады.

3 қараша күні Ресейдің патруль жасайтын және барлайтын Ту-142 ұшағы Норвегия жағалауында НАТО әскери жаттығуына қатысып жатқан АҚШ флотының Mount Whitney кемесі үстінен тым жақын ұшып өткен.

Соңғы жылдары Қара теңіз, Балтық теңізі мен Сирияда Ресей мен НАТО ұшақтары бірнеше рет бір-біріне жақын ұшқан. АҚШ әскери қолбасшылығы Ресей ұшақтарының альянс елдері әскери ұшақтарына жақын ұшқанда қауіпті маневрлер жасайтынына алаңдайтынын талай рет мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.