Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев «сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады» деген күдікпен екі айға қамалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу соты 5 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаментінің Серік Аманғалиевті екі айға қамау туралы өтінішін қанағаттандырған.

Облыс әкімінің орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлерінің ұстағаны туралы бұған дейін хабарланған еді.

Сот мәліметінше, Серік Аманғалиевты ұлттық бюро қызметкерлері 3 қараша күні кешке Ақтау әуежайында ұстап, одан 115 мың еуро қаржы тәркілеген. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлімімен («Пара алу») іс қозғалған.

58 жастағы Серік Аманғалиев бұған дейін Атырау облыстық әкімдігінің білім департаментін басқарған, Құрманғазы ауданының әкімі болған. 2008-2011 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің бөлім басшысы қызметін атқарған. 2017 жылдың қарашасынан бері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.