Президенттің жолдауын бұлжытпай орындауға кіріскен кәсіпорындар жұмысшылардың еңбек ақысын ұлғайтуға бекінді. 2019 жылдың бірініші қаңтарынан бастап облыстағы 1047 кәсіпорын жоғарыдағы айтылған жолдауды бастамасын қолдау мақсатында жалақы пайызын көтеруді қолдап отыр. Қазірдің өзінде ірі жүйе құраушы кәсіпорындар «АрселорМиттал Темиртау», «Қазақмыс корпорациясы», «Казминералс», «Казцинк», «ERG» компаниялар тобымен меморандумдарға қол қойылды.

Бүгін Қарағанды облысы әкіміні Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ бастауымен өткізілген жиында аталмыш мәселе қолға алынды. Шахтинск қаласында «КарТрансУголь» ЖШС 2019 жылдың қаңтар айынан бастап барлық қызметкерлерге жалақыны 43% көтеретін болады. Сонымен қатар фармацевтикалық-логистикалық орталықтың қызметкерлерінің де жалақылары көтерілетін болады.  Қазіргі уақытта олардың айсайынғы орташа жалақылары 150-170 мың теңгені құрайды. Ал жаңа жылдан бастап олардың жалақысына тағы 10% мөлшерде үстеме жалақы қосылатын болады. «ProIux LTD» компаниялары қызметкерлерінің жалақысы да осы мөлшерде өспекші

Ірі кәсіпорындар жалақыны 10%, орташа – 16% және шағын кәсіпорындар жалақыны – 14% көтермекші. ЖК (ИП) 25%, ал фермерлік және ауыл  шаруашылықтары жалақыны 12% көтеруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Меморандумдарда қызметкерлердің санын азайту мен жалақыны кешіктіруге жол бермеу бойынша тармақтар қарастырылған.

Алайда, еңбекақының өсуімен азық – түлік бағасының өсіп кетуін ешкім болжап отырған жоқ. Дегенімен, халықтың жалақысы өсумен, керек азық бағалары да көтерілетіні сөзсіз.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.