Ауылдың жолын бюджетке салмақ салмай-ақ жасайтын әкім бар. Ол – Алматы облысына қарасты Көлбай ауылының әкімі Ержан ШАКЕРОВ.

Алакөл ауданы құрамындағы Көлбай ауылдық округіне төрт елді мекен қарайды. Олар: Көлбай, Әлемді, Бұдыр, Қызылқайың. Биыл Көлбайдың құрылғанына 90-жыл толып отыр екен. 37 жастағы жас әкім ауылдастарына тосын сый жасаған. Ауыл халқынан ақша да жинамаған, бюджеттен де қаражат сұрамаған.

Ауылының жолын тегін жасатқан әкім

«Талдықорған-Өскемен жолын жасайтын CITIK» компаниясы жол жөндеушілердің сервистік қалашығын біздің округ аумағына орналастырды. Бұл жолдың республикалық маңызы жоғары. Сондықтан да мен өз тарапымнан барынша көмектестім. Жұмысқа ауыл азаматтарын тартып бердім. Компания басшыларымен жақсы тіл табысып кеттік. Сосын реті келіп үш ауылдың үш негізгі көшесі жасалып шықты», — дейді Көлбай ауылдық округінің әкімі Ержан Шакеров.

Ауылының жолын тегін жасатқан әкім Алты күнде 14 техника 5 шақырымдық үш көшені алты күнде ретке келтірген. Осылайша құны 13 миллиондық жұмыс тегін жасалған.

Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылында көшелер тегін жөнделіп жатыр. Күре жолдың бойындағы аядай ғана ауылдың көшесін жөндеуге Қытай Халық республикасының «CITIK» компаниясы қолғабыс етуде. Ауылдық округ әкімі Ержан Шакеровтың ұйымдастыруымен жол жөндейтін мекеменің 14 техникасы ауылға кіріп, ұзындығы 5 шақырым болатын ішкі көшені 2 күн ішінде жөндеп шыққан.

«Жауын жауса батпақ боп жататын көшелеріміз. Республикалық жол жасалу басталып еді. Оның шарапаты бізді де алақандай ауылымызға тиіп отыр. Сол шетелдік компаниямен тіл табысып, жолды жөндеткен әкіміміздің еңбегі зор. Ержан көз алдымызда өскен азамат. Осы ауылдың баласы. Өзіңнен тумай ұл болмас деген осы. Халық боп қуанып жатырмыз», — дейді Көлбай тұрғыны Амантай ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ.

Ауылының жолын тегін жасатқан әкім

Көше жолдары бітісімен әкім ел ақсақалдарына жасалған жұмысты көрсетіп, авто шеру жүріп өткен.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.