Facebook әлеуметтік желісі 115 күдікті аккаунтты билік «шетелдермен байланысы болуы мүмкін күдікті іс-әрекет жасады» деп ескерткен соң жапты.  Компания бұл туралы өз блогында хабарлады.

5 қарашада АҚШ құқық қорғау органдары сайлаушылар Ресей, Иран  және басқа да елдердің әлеуметтік желілерде өтірік ақпарат тарату әрекетінен сақтануы керегін ескерткен. АҚШ билігі «шетелдік ойыншылардың, әсіресе Ресейдің саяси процестер мен кандидаттар туралы өтірік ақпарат таратып, қоғамдық көңіл-күйге ықпал ет және алауыздық тудыру әрекеттеріне қауіп барын мәлімдеген.

Өткен аптада жарияланған зерттеуде АҚШ-та 6 қарашада өтетін Конгресске аралық сайлау қарсаңында әлеуметтік желілерде дезинформация 2016 жылғы президент сайлауы кезіндегіден де жылдам таралып жатқаны анықталған.

Facebook жойған аккаунттардың Ресеймен немесе 2016 жылғы президент сайлауына қатысы бар деп айыпталған Интернет зерттеулері агенттігімен байланысы бар-жоғын анықтау үшін талдау жүргізу керегін мәлімдеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.