Қазақстан үкіметі 2012 жылдардан бері цифрлы хабар таратуға толығымен ауысамыз деп келеді. Бірақ, қандай арна көретіні үйдің төбесіндегі антеннаға ғана тәуелді болып отырған аймақтар әлі бар.

Қырғыз Республикасы цифрлы хабар таратуға толық ауысқан.

Қырғыз Республикасы 2017 жылдың мамырында цирфлық хабар таратуға толық ауысқанын хабарлаған. Мүдделі органдардың мәліметіне сүйенсек, бұл елде  тек 100 түтіннен аз ауылдар ғана спутникті хабар таратуға қосылады екен.

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қырғыз  Республикасындағы жағдай мен Қазақстанның цирфлы хабар таратуының болашағын салыстыра келе, мынандай деректі алға тартты.

Қырғыз Республикасында цифрлы хабар таратуға толық ауысу үшін 100-ден аса радио телевизиялық станция жеткілікті болды. Ал біздің елімізде  толық қамтамасыз ету үшін 827 станция қажет, — дейді министр.

Министрдің айтуынша, қазір ол станциялардың 356-і толық салынған, жыл соңына дейін тағы 200 станцияның құрылысы аяқталады. Қалған станциялардың құрылысы 2019-2020 жылдардың жоспарына енгізіліп отыр.

«Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы басталғанда, бүкіл елдің аумағын цифрлық деңгейге көшіру көп адамның күмәнін тудырғаны белгілі. Өйткені Қазақстанның жер көлемі өте үлкен.  Халық та тығыз орналаспаған. Шекарадағы ауылдар мен алыс елді мекендерде тұратын халықтың 100%-ын цифрлық хабар таратуға ауыстыру алынбайтын қамал сияқты көрінгені рас. Бірақ, телекоммуникация саласындағы инфрақұрылымды дамытуға жол ашылды» — дейді министр.

Цифрлы хабар таратуға алғашқы ауысатын қай өңірлер?

Министр Дәурен Абаевтың бұйрығымен Қазақстанда цирфлы хабар таратудың төрт кезеңі айқындалып отыр.

Ең алдымен, цифрлы хабар тарату Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында толық іске қосылады деп жоспарланған. Бұл өңірлердің цифрлы хабар таратуға ауысу мерзімі — 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Осы аралық Қазақстандағы цифрлы телерадиотарату жұмысының бірінші кезеңі болып көрсетілген.

Екінші кезең — 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары толығымен цирфлы хабар таратуға ауысу керек.

Үшінші кезеңмен, яғни, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан,ғ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары ауысады.

Төртінші кезең 2021 жылдың 1 шілдесінде аяқталып, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Астана және Алматы қалаларын цифрлы хабар татаруға ауыстырады деген жоспар бар.

Цифрлық телевидение толық қосылмай, аналогты техника жойылмайды

Дәурен Абаев Қазақстан аумағының толықтай цифрлы телевидениеге ауысу ережелерін бекіте отырып, цифрлы хабар таратудың техникасын кім беріп, аналогты жүйені кім өшіре алады деген мәселелерге тоқталған.

Министр бекіткен ережеге сәйкес, аналогты эфир тарату желісіндегі аналогты хабар тарату техникаларын тек ұлттық телерадиотарату операторы тоқтата алады.

Сонымен қатар, қандай да бір аймақтағы елді мекендер цирфлы хабар таратуға толығымен ауыспай тұрып, ол әкімшілік-аумақтық мекенді аналогты эфир тарату жүйесінен ажыратуға болмайды.

Ұлттық оператор қандай да бір уәкілетті орган, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергіікті атқарушы органына цифрлы хабар таратудың радиотелевизиялық станцияларын пайдалануға енгізетіні жөнінде ақпаратты кемінде үш ай бұрын ескертіп, хабарлауы керек.

Ең маңыздысы, цифрлы хабар таратуға қажетті техниканы (цифрлы хабар тарату желісіне қосылмаған телевизорларға қосылатын құрылғыларды — агенттік) жеке тұлғаларға және әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдарға жергілікті атқарушы орган таратады.

Ал, уәкілетті органдар аналогты эфир тарату жүйесін тоқтататын кестесіне сай, бір ай бұрын жергілікті атқарушы органнан халықтың цифрлы хабар таратуға қажетті техникамен толық қамтылғандығы туралы ақпарат сұрауға міндетті.

Қазақстан аумағы толықтай цифрлы хабар таратуға ауысқан соң, аналогты телерадиохабар тарату жүйесі кезінде таратылған лицензиялар мен радиожиілік спектрларын пайдалануға берілгер рұқсат құжаттар толығымен күшін жояды. Қандай да бір облыс не қала цифрлы хабар таратуға толық ауыспай тұрып, алты ай бұрын сол өңірдің уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органы халыққа цирфлы хабар таратудың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болса, халыққа түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік желі арқылы бастаған болатын.

«Цирфлық телевидение дегеніміз — видеобелгі мен дыбыс таратудың жоғарғы сапасы, визуалды эфирдегі кедергілерді жойып, эфирдегі тұнық дыбысты қамтамасыз етеді. Осылайша, отандық телеарналарды ақысыз цифрлық сапада тамашалау мүмкіндігі. Цирфлы телевидениенің арқасында Астана мен Алматы қалаларында, және облыс орталықтарында отыз арнаға дейін көруге болады. кезінде еліміздің ең шалғай елді мекендері мен тұрғындары аз қоныстанған ауылдарда екі-үш арна ғана көруге мүмкіндік бар еді. Енді он бес отандық телеарнаны жоғарғы сапада қарай алады» — деген министр қазақстандықтарға арнаған видеоүндеуінде.

Ал, цифрлы хабар таратуға толық ауысқанша, Қазақстандағы ауыл-аймақ әзірге он бес арнаны, атап айтсақ, «Қазақстан» ұлттық арнасын,» Хабар», «24KZ», «Балапан», «Білім және Мәдениет», «Kazsport»,«Еуразия бірінші арнасы», «Астана», «КТК», «МИР», «НТК» «7 арна» «31 арна» «СТВ» «Алматы» арналарын көріп отыр.

Фото: orcmaster.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.